23 августа 2023 г. 15:41

Алматыдағы дүкендердің бірінде белгісіз ер адам бойжеткеннің кеудесіне қол жүгірткен (видео)

Фото:

Алматыдағы дүкендердің бірінде белгісіз ер адам бойжеткеннің кеудесін ұстаған.

Алматы, NEGE. Алматылық бойжеткен өзінің харассмент құрбаны болғанын айтып берді. Айтуынша, ол азық-түлік алу үшін дүкенге кірген. Кірген бетте танымайтын ер адам оның кеудесіне қол жүгіртеді. 

«Ер адамның маған не істегенін видеодан көруге болады. Оның үстіне мұқият қарасаңыз, ол мені көшеден байқаған. Қатты мас болды. Бұл кісінің жазаға тартылғанын қалаймын», – деді ол. 

Полиция ерсі қылық жасаған ер адамның жеке басын анықтап жатыр. 

Тегтер: