Алматыдағы бокс кеші кейінге шегерілді

Қазақстандық Tukeshov Boxing Promotion промоутерлік компаниясының Алматыдағы бокс кеші қашан өтетіні белгісіз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Бокс кеші 20 шілдеде Алматыда өтеді деп жоспарланған еді. Алайда ұйым турнирдің кейінгі шегерілгенін хабарлады.

Әзірге қай уақытқа ауысқаны белгісіз. Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта жастар арасындағы WBO чемпионы атағы сарапқа салынады, онда қазақстандық Нұрдос Төлебай (9-0, 7-КО) мен мексикалық Мартин Родригес (9-2, 7 КО) жұдырықтасады. Андеркардта Тұрсынбай Құлахмет, ағайынды Рай мен Рахат Сейітжановтар, Талғат Шайкен, Виктор Коточигов, Айдос Медет, Нұрбол Сұлтанбай, Михаил Коханчик сынды қазақстандық боксшылар өнер көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды