Қамшыбек Қоңқабаев британиялық қарсыласын тізе бүктірді

Алматыда өтіп жатқан MTK Kazakhstan бокс кешінде басты кездесу өтті.

Алматы, NEGE. Кездесуде қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (3-0, 3 КО) британиялық Стивен Уордпен (13-1, 4 КО) жұдырықтасқан болатын. Крузервейттегі жекпе-жекте қарсыластар бос тұрған WBA Gold чемпиондық атағы үшін сайысқа түсті. Кездесу 12 раундқа есептелген. Алайда, ол аяғына дейін жетпеді. Жекпе-жек жетінші раундта Қамшыбектің жеңісімен аяқталды. Уорд алған жарақатына сайысты жалғастыра алмады.

Бесінші раундта төреші британиялық боксшының нокдаунға түскенін көрсетті. Осылайша, Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби бокстағы карьерасында 4-ші жеңісіне (тұртіншісін нокаутпен) қол жеткізді. Ол WBA Gold чемпиондық белдігін жеңіп алды. Стивен Уорд болса, кәсіби рингте екінші рет жеңілді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр