Алматыдағы базарлардың бірінде автобус өртенді (видео)

Алмтатыда 3 сәуір, түнде «Жетісу» базары аумағында жолаушылар автобусы өртенді.

Алматы, NEGE. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 сәуірде түнгі сағат 23:10-да Түрксіб ауданы, «Қайрат» шағынауданы, 181/2 мекенжайындағы үйдің маңында 125-інші бағытта қатынайтын «Лиаз-529265» маркалы автобус өртенді.

«Өрт сөндірушілердің алғашқы бөлімшелері сағат 23:16-да жетті. Жалынды сөндіруге және автобус конструкциясын салқындату үшін дереу көбігі бар оқпандар берілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің тарауы сағат 23:19-да тоқтатылып, сағат 23:22-де толық ауыздықталды. Оқиға себебі анықталуда», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі. 

Қазір оқып жатыр

Ақтауда өзіне қол салды деген келіншектің өлімін қайта тергейді

Назарбаевтың тоқалы Әсел Исабаева көпшілік алдына қайта шыға бастады

Астанадағы MEGA Garden маңынан пәтер алу қаншалық тиімді?

Грузияда ұсталған 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін