Алматыдағы базарда кәмелетке толмаған Тәжікстан азаматтары анықталды

Алматыдағы базарда кәмелетке толмаған Тәжікстан азаматтары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Алматылық көші-қон қызметінің мәліметінше, “Учаске” іс-шарасы аясында қаланың орталық киім базарына іргелес аумақ тексерілді.

– Алатау ауданында жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 39 шетелдік анықталды, оның 36-сы Тәжікстан азаматы. Оның 18-і кәмелеттік жасқа толмаған. Бұл – 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Жасөспірімдер тиісті шара қолдану үшін аудандық ПБ-ның ювеналды полиция бөліміне жіберілді. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдіктер ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Алматыда осы күндері “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатқаны бұған дейін хабарланған болатын. Оның мақсаты – шетел азаматтарының қылмыс жасауының алдын алу.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды