Алматыдағы Баум тоғайында қыз-келіншектерді зорлап келген күдікті сотталды

Алматыдағы Баум тоғайында қарауылдап, қыз-келіншектерді зорлаған күдікті ұзақ жылға бас бостандығынан айырылды.

Алматы, NEGE.  Алматы қаласы полиция бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов 1991 жылғы азамат Айдархановтың "бірнеше рет сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық жасау әрекеттері" бабы бойынша сотталғанын айтты.

Анықталғандай, Айдарханов Баум тоғайының кісі көзінен таса жерінде әйелдерді сырттан бақылап, күтіп отыратын болған, ал қолына түскен құрбанды пышақпен қорқытып, зорлаған.

Полиция мұндай қылмыстың төрт фактісін дәлелдеді.

Айдархановтың неше жылға сотталғаны айтылмады. Ал аталған бап бойынша қылмыскерлер тоғыз жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылатыны белгілі.

Қазір оқып жатыр

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?

Әлеуметтік желілер мен интернетте заңсыз үгіт-насихат жүргізгені үшін айыппұл салынбақ

Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ

Атыраудағы отбасы қазасы: қызы туыстарының өліміне қатысы жоқ деп танылды