Алматыдағы бассейнде уланған балалардың ата-анасы мәлімдеме жасады

Алматыда бассейндердің бірінде уланып қалған балалардың ата-аналары оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желілерде олардың бейнежазбалары пайда болды.

"Біздің балаларымыз бассейнде жаттығу кезінде хлормен уланып қалғандықтан токсикология бөліміне түсті. Қазір барлығы жақсы. Жағдай тұрақты. Балалар дәрігерлердің жіті бақылауында. Оларға дер кезінде жәрдем беріп, сүт ішкізіп алғашқы көмекті көрсеткен жаттықтырушыларына алғыс айтамыз. Ешқандай қарсы шағымымыз жоқ. Тезірек жазылып кетеді деп үміттенеміз", - дейді зардап шеккен балалардың бірінің анасы.

Бұл оймен басқа ата-аналар да келіскен.

"Мен Михаил Жуков пен Кира Закинаның анасымын. Жаттығу жасау кезінде техникалық ақау болған. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы жақсы. Біз балалардың жаттықтырушысына жылдам әрекет еткені үшін рахметімізді айтамыз", - дейді екінші ата-ана.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ауруханаға жатқызылған 11 баланың 9-ы шығарылғанын, олардың екеуінің жағдайы орташа ауыр, тұрақты емдеу шаралары жалғасқанын мәлімдеді.

Бұған дейін Алматыда қалалық бассейндердің бірінде 11 бала хлор буымен уланғанын хабарлаған болатынбыз. Бассейн әкімшілігі суды тазартудың автоматтандырылған жүйесі жұмысында ақау болғанын айтты. 

Қазір оқып жатыр

Францияда қытайлық маркетплейстердегі тауарлардың 46%-ы қауіпті деп танылды: БАҚ Temu мен Shein-нен күдіктенеді

Қарағанды облысында 42,5 млрд теңгеге фармацевтикалық зауыт салынады

ШҚО-да 11 елді мекенге сел қаупі төніп тұрғаны хабарланды

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады