Алматыдағы бассейнде балалар уланды

Алматыда бассейндердің бірінде балалар хлор буымен уланды.

Алматы, NEGE.  Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар 23 қыркүйек күні таңертең көмек сұраған.

«Тамақ жыбырлау және түшкіру шағымы бойынша 11 бала жедел медициналық жәрдем бригадалары көмегімен Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына жеткізілді. Олар бассейнде сабақ кезінде хлор буларымен уланған. Балалардың жасы 12-14 жас аралығында. Барлығының жағдайы тұрақты, бейінді бөлімшеге жатқызылды», - деп хабарлады ҚДСБ.

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

«Алмалы ауданының санитарлық дәрігерлері оқиға бойынша тергеу жүргізуде, қосымша толығырақ хабарлаймыз», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-да 11 елді мекенге сел қаупі төніп тұрғаны хабарланды

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен