Алматыдағы атыста қаза тапқан бесінші адам кім?
Алатау ауданының тұрғыны аңшы мылтығымен атып өлтірген бесінші адамның кім екені анықталды.
Алматы, NEGE. Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов атыс кезінде қайтыс болған бесінші адам туралы айтты. «Бесінші адам - үйді сатып алған кісінің досы. Ол куәгер ретінде бірге келген», - деді Қанат Таймерденов арнайы брифингте. Бұған дейін департамент басшысы, аталған дерек бойынша екі қылмыстық іс қозғалғаны туралы мәлім еткен еді.
Аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кінәлі адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.