Алматыдағы 5 млрд теңгеге салынған аурухана алғашқы аязды көтере алмады ма?

Алматыда сәуір айында пайдалануға берілген жұқпалы модульды аурухана алғашқы аязды көтере алмады. Оған 5 млрд теңге жұмсалған еді.

 Алматы, NEGE. Мәліметтерге сенсек, медициналық мекеме басқа жерге ауыстырылады. Жұқпалы модульды аурухана 280 орынға арналған. Оның 28-і интенсивтік терапия бөлімі. Жалпы көлемі – 5850 шаршы метр. Аурухана індет өршіп тұрған бірінші толқын кезінде, яғни сәуір айында пайдалануға берілген еді. Оның құрылысына 5 млрд теңге жұмсалды. Енді қала билігіне мұндағы барлық науқастарды, қымбат медициналық құрал-жабдықтарды ауыстыру керек.

Айта кету керек, BI Group компаниясы салған модулды аурухана 18 күн ішінде пайдалануға берілді. Құрылыс компаниясы емдеу мекемесі барлық халықаралық талапқа жауап береді деген болатын.  

Қазір оқып жатыр

Қызылшаға қарсы екпе алғандар да ауырып жатыр: елде 6 мыңға жуық жағдай тіркелді

Желтоқсан қатысушыларын балағаттаған алматылық әйелге қатысты іс қозғалды

Ақтауда өзіне қол салды деген келіншектің өлімін қайта тергейді

Назарбаевтың тоқалы Әсел Исабаева көпшілік алдына қайта шыға бастады