Алматыдағы №12 клиникалық аурухана карантинге жабылды
Алматыдағы №12 клиникалық орталық аурухана да карантинге жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алматы, NEGE. Бұдан бөлек, балалардың ішек аурулары инфекциясын емдейтін ауруханадағы дәрігерлер арасында да вирусқа шалдыққандар бар. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Айзат Молдақасымова айтты. Бүгін қаладағы Құрлық әскерлері әскери институтының 383 сарбазы мен офицерлерінен де тест алынған. Енді балалар және қарттар үйі, банктер мен базарларда осындай вирусты анықтайтын тексерістер өткізілмек.