Алматыдағы жоғарғы оқу орындары 25 хостелмен келісімге келді

 Алматыдағы жоғарғы оқу орындары 25 хостелмен келісімге келді, деп жазды 24.kz.

egemen.kz

Алматы, NEGE.  Студенттердің барлығына жатақханадан орын табу қиын. Сондықтан кейбір университеттер бірнеше жылдан бері хостелдермен байланысты нығайтуға мәжбүр. Бұл жаңа оқу жылында орын тапшылығын азайтуға сеп болмақ. 

Мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйым өкілдері студенттер тұратын нысандарды аралап, жағдайын көріп қайтты. Оқу жылының қарсаңында алып шаһарға ағылған студенттердің саны артып келеді. Биыл мемлекеттік грантқа ие болған 77 мың талапкердің 32 мыңы Алматыдағы университеттерді таңдаған.

"Биыл Алматыда студенттерге арналған 15 жатақхана салынады. Жыл соңына дейін 6 мыңнан астам орын дайын болады деп жоспарлап отырмыз. Жер тапшылығына байланысты қонақ үй мен бизнес-орталықтар мемлекет субсидиясымен жатақханаға бейімделіп жатыр. Уақытша шешім ретінде хостелдерден де 11 мың орын қарастырылды"- дейді қалалық студенттік жатақханалар бойынша жобалық кеңсе жетекшісі Дамир Кутумов. 


Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр