Алматыдағы жер сілкінісінен кейін 1800-ден аса афтершок тіркелген

Сейсмологтар Алматыдағы жер сілкінісінен кейін 1800-ден аса афтершок тіркеді.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, 23-26 қаңтар аралығында Қазақстан бойынша 1800-ден аса әлсіз афтершок тіркелсе, оның тек 11-і Алматыда сезілген.

«Бұл ошақта жер сілкінісінен кейін афтершоктар бүгінгі күнге дейін жалғасып жатыр, бұл да табиғи құбылыс, оның қанша уақытқа созылатынын айту қиын. Бұл көптеген факторға байланысты болады: жер сілкінісінің эпицентрі орналасқан аймақтың сейсмикасы, жер қыртысының геологиялық құрылымы, тектоникалық ерекшеліктері және т.б. Бірте-бірте сейсмиканы белсендіру процесі әлсірейді және ол қалыпты режимге оралады», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін