Алматыдағы тұрғын үй кешенінде күзетшіні қатігездікпен өлтірген күдіктіге қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды

Алматыда наурыз айында «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешенінің күзетшісін өлтірген ер адамға қатысты тергеу қайта басталды.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жіберіледі. 

«Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұған дейін сот-психиатриялық сараптаманың жүргізілуіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары тоқтатылды, қазіргі уақытта іс қайта жанданды, тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген хабарламада. 

Бұған дейін Алматы прокуратурасы күдіктінің уақытша психикалық ауруына байланысты психиатриялық көмек көрсететін арнайы медициналық орталыққа жатқызылуы себепті алдын ала тергеу мерзімін тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың наурыз айында ер адам «Меркур Таун» элиталық тұрғын үй кешенінің күзетшісін бірнеше рет көлікпен басып, соққыға жыққан болатын. Күзетші ауруханада қайтыс болды. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда оқу бағдарламасы мен оқулықтар мазмұны өзгертіледі

Трамп жақын арада Макронның Франция президенті қызметінен кететінін айтты

Қазақстанда мәдениет және ақпарат саласындағы 20-дан астам заңға өзгеріс енгізілмек

БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген бұрынғы шенеунік көз жұмды