Алматыдағы тергеу изоляторында судья қайтыс болды

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті NEGE тілшісіне тергеуде отырған адамның қайтыс болғанын растады, бірақ есімін атамады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Тергеу изоляторында қамаудағы ер адам кенеттен қайтыс болды. Өлім себебі жедел жүрек жеткіліксіздігі делінген. Қайтыс болған сәт бейнебақылау камерасына жазылып алынған», – делінген ресми хабарламада.

Қазір оқиғаға байланысты тексеріс жүргізіліп жатыр.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, қайтыс болған ер адам Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Дастан Сләмқұлов.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты