Алматыдағы сауда орталығында өрт шықты

Алматы қаласының Әуезов ауданында орналасқан екі қабатты сауда орталығының екінші қабатында өрт шықты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Өрт сауда үйінің екінші қабатындағы екі бутиктен басталған. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі келген сәтте ғимарат терезелерінен қою қара түтін шығып жатқаны байқалған.

ҚР ТЖМ дерегінше, өртті сөндіруге министрліктің жеке құрамынан 57 адам және 15 техника жұмылдырылды.

«Құтқарушылардың жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында жалынның көршілес бутиктерге таралуына жол берілген жоқ», – деп жазды ведомстводан.

Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді