22 сентября 2024 г. 9:47

Алматыдағы «Мята» лаундж-барында атыс болды

Фото: ашық дереккөзден
Атыс сенбі күні Алматыдағы Жандосов пен Гагарин көшелерінің қиылысындағы “Мята” лаундж барында болған. 

Алматы, NEGE. Мәліметтерге сенсек, оқиға орнына полиция, жедел жәрдем, сот-медициналық сарапшылар келді.

Өткен-кеткендердің айтуынша, төбелес арты атыс болған. Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Бостандық аудандық полиция бөлімі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады баспасөз қызметі.