Алматы метросында жолақы төлеуде жаңа әдіс енгізіледі

Алматы метросында биыл күзге қарай турникеттер жаңартылады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Әкімдіктің хабарлауынша, Алматы метрополитенінде турникеттерді жаңарту жұмыстары басталды.

Биыл күзге қарай жолаушылар жолақыны кіреберісте – Apple Pay, Google Pay немесе Samsung Pay сервисі бар банк картасын немесе смартфонды құрылғыға тигізу арқылы төлей алады.

Бұған дейін банк картасымен касса арқылы немесе арнайы бір турникет арқылы ғана төлеуге болатын. Енді барлық бекеттегі турникет байланыссыз төлем жүйесімен жабдықталады.

– Бұл жолаушылардың өту үдерісін едәуір жеделдетіп, жол жүруді әлдеқайда ыңғайлы етеді. Бұл жаңашылдық көлік картасын қолданбайтын немесе жетон сатып алуға уақыт жоғалтқысы келмейтіндер үшін өте қолайлы. Енді кезекте тұрудың қажеті жоқ – тек картаңыз немесе смартфоныңыз болса жеткілікті, – деп хабарлады әкімдік.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?