2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Алматыдағы MEGA сауда-ойын-сауық орталығында адамдар эвакуацияланды

MEGA сауда-ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен, – деп хабарлады Алматы полициясы. 

Almaty Today

Алматы, NEGE. Ақпарат түскен бойда қаланың барлық жедел-қызметтік бөлімшелері шұғыл жұмысқа кіріскен. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындар мен қызметкерлер сауда орталығынан эвакуацияланды.

Арнайы мамандар комиссиялық тексеру жүргізіп, жарылғыш құрылғылардың жоқ екенін анықтаған. Сауда орталығы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Ал, полиция қызметкерлері жалған хабарлама таратқан тұлғаны анықтауға кірісті. Ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.