Алматыдағы крематорий әкімдікке қарасты мекемеге берілді

Алматыдағы крематорий қала әкімдігіне қарасты бейінді ұйымының балансына берілді.

әлеуметтік желіден

Астана, NEGE. Крематорий 2021 жылдан бері дайын. Нысанның құрылысына 1,5 млрд теңге жұмсалған.

Объект бұдан бұрын жүргізілген мемлекеттік аудит негізінде берілді, оның нәтижелері бойынша Алматы әкіміне баланс ұстаушыны белгілеу тапсырылған болатын.

«Нәтижесінде әкімдіктің 2025 жылғы 17 қазандағы қаулысымен объект Құрылыс басқармасының балансынан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық патологиялық-анатомиялық бюро» ШЖҚ КМК балансына берілді», - делінген Жоғары аудиторлық палата хабарламасында. 

Крематорий жұмыс істеуін бастайтын ресми күн барлық нормативтік рәсім аяқталғаннан кейін жарияланады.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін