12 ноября 2024 г. 9:55

Алматыдағы халықаралық форум 22 елден келген ғалымдардың басын қосты

Фото: Алматы

Алматы әкімі Ерболат Досаев Satbayev University-дің 90 жылдығына және Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған ғылым мен білім беру жөніндегі Халықаралық форумды ашты.

Алматы, NEGE. Ол Қазақстан Президентінің құттықтауын оқып, университет ұжымын мерейтойымен құттықтады.

11-15 қараша аралығында 22 елдің 200-ден астам ұйымының өкілдері ғылым, бизнес және жас ғалымдардың мансаптық мүмкіндіктерінің болашағын талқылайды. Форум бағдарламасында инжиниринг орталығы мен STROYTECH технопаркінің ашылуы, Hyundai Engineering зерттеу орталығы және технологияларды трансферттеу бойынша пленарлық отырыс өтеді.

Жақында Satbayev University QS Stars сыйлығын алып, Азиядағы үздік 100 университеттің қатарына кірді, осылайша халықаралық аренадағы орнын нығайтты.