Алматыдағы дәмханада жаппай төбелес болды

Алматыдағы кафелердің бірінде жаңа жыл түні жаппай төбелес болды. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде таралып кеткен видеодан жастар тобының бір-біріне орындық, үстел және таяқ қолданып шабуыл жасағанын көруге болады.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жанжалға қатысушылардың барлығы анықталып, Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

«Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің шетелдік студенттері арасында кафе ішінде жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан. Әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: полиция қызметкеріне қатысты тергеу аяқталды

Екі жылға сотталған Жанабыловтар әлеуметтік желіге қайта оралды

Отбасы банк «Бәйтерекке» 100 млрд теңге дивиденд төлейді

56 құрылыс компаниясы жалған жұмыс тәжірибесімен мемлекеттік сатып алуларға қатысқан