Алматыдағы әскери институттан сержанттың өлі денесі табылды

Алматыда Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағынан 44 жастағы сержанттың мәйіті табылды. Ақпаратты Ішкі істер министрлігі растады.

Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Аталған факті бойынша Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», – делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды.

Құрлық әскерлері Әскери институтының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 қыркүйекте институттың инженерлік қалашығы аумағынан 1980 жылы туған әскери қызметшінің мәйіті табылған. 

«Алдын ала болжам бойынша, әскери қызметкер асылып, өз-өзіне қол жұмсаған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Себептері мен мән-жайы анықталуда. Тергеу шаралары жүргізілуде. Құрлық әскерлері Әскери институтының басшылығы әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі», – деді Әскери институттың баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді