Алматыдағы Алма-Арасан шатқалында таудан тас құлап, студент қыз қаза тапты

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Сарқырама маңында тауға серуендеп бара жатқан қызды тас басып қалған. Куәгерлер қызды өз беттерінше шығара алмаған. Оқыс оқиға болған кезде сауықтыру кешенінің аумағында демалушылар болған.

Бірі оқиғаның салдарын видеоға түсіріп, тас құлаған кезде жуыну орнында болғанын, бірақ қашып үлгергенін айтады. Ол жерде ұялы байланыс болмаған, сол себепті куәгерлер болған жағдайды таудан төмен түскен сәтте хабарлаған. 

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тастың құлауына толассыз жауған жауын себеп болуы мүмкін дейді.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін