Алматыда журналист Аягүл Мантайдың шығармашылығына арналған әдеби кеш өтеді
Кеш барысында автордың туындылары топталсытырлған “АЯГҮЛ” кітабының тұсауы кесіледі.
Алматы, NEGE. Алдағы жексенбі, 26 ақпан күні кешкі сағат 17.00-де Alatau creative hub орталығында әңгімелері мен жазбаларын көпшілік сүйіп оқитын талантты жазушының шығармашылығына арналған кеш өтеді.
Жиында "Серпер" жастар сыйлығының иегері Аягүл Мантайдың (1982-2021) тұлғалық болмысы, публицистикасы, прозасы талданып, естеліктер айтылумен қатар оқырманға бір топ шығармаларынан тұратын кітап тарту етіледі.
Аягүлді сағынған достары мен оқырмандарын кеште күтеміз!
Мекенжайы: Алматы қ. Алатау ауданы Нұркент ы.а., 5/1