Алматыда жүргізуші жантүршігерлік жол апатынан аман қалды

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды.

Алматы, NEGE. Алматылық жүргізуші рөлде ұйықтап кетіп, жүк көлігінің астына кіріп кетті. Қатты соққы әсерінен Toyota-ның төбесі кесіліп, санаулы секундта металл үйіндісіне айналды. Жантүршігерлік жол апатынан 40 жастағы автоәуесқой аман қалды. Тіпті ол көліктен ештеңе болмағандай өзгелердің көмегінсіз сыртқа шыққан. Жеңіл-желпі дене жарақатымен шектеліп, дәрігерлік жәрдемнен бас тартқан.