24 июня 2020 г. 12:40

Алматыда жұмыс іздеушілер саны артқан

Фото:

Жұмыспен қамту орталығына күніне 500 адам жүгінеді.

Алматы, NEGE.  Бұл туралы Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова хабарлады.

«Күн сайын бізге 500-ге жуық адам келеді. Оларды шұғыл түрде жұмысқа орналастыру үшін барлық шараларды қарастырамыз. Біздің орталық арқылы бүгінгі күнде 12 мың адам жұмыспен қамтылды»,– деді орталық директоры Диляра Иманқұлова.

Сонымен қатар, ол санитарлық талаптарды сақтау мақсатында аудандарда қосымша қабылдау бөлімдері ашылғанын айтты.

«Жұмыспен қамту орталығына келушілердің санын азайту және әлеуметтік арақашықтықты сақтау мақсатында қаланың бес ауданында қабылдау бөлімдерін аштық. Біздің мамандар онда адамдарға тезірек қызмет көрсетуге тырысып жатырмыз. Біз барлық қауіпсіздік нормаларын сақтаймыз»,– деді Диляра Иманқұлова.

Оның айтуынша, қазір қоғамдық жұмыстарға сұраныс жоғары.

Тегтер: