Алматыда ЖРВИ жұқтырғандар көбейді

Қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық басқару департаменті ЖРВИ жұқтыру дерегінің өсуі байқалғанын мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай ЖРВИ және тұмау секілді маусымдық аурулардың өршуіне байланысты қиындаған. Өткен жылмен салыстырғандажіті респираторлық вирустық инфекциялармен аурулар 2,2 есе өскен. 

«Барлық топтағы адамдардың коронавирус жұқтыру деңгейі өсіп келе жатқаны алаңдатып отыр. Науқастардың саны 22 қазаннан бері күрт өсті. Кейінгі тәуліктің өзінде коронавирус жұқтырған 77 адам анықталды. 

Бұл адамдар көп жиналатын орындағы эпидемиологиялық процестің белсенді болуына байланысты. Эпидтергеу нәтижесінде вирус жұқтырудың 53 пайызы қоғамдық көлікте, 23 пайызы үй жағдайында, 17 пайызы қоғамдық пайдалану орындарында болатыны анықталды», – дейді ведомство өкілдері. 

Қазір оқып жатыр

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді