Алматыда жол апатынан 2 адам мерт болды

Алматыда екі көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды.

Алматы, NEGE. Алматы қалалық Полиция департаменті мәлім еткеніндей, оқиға бүгін таңғы сағат 04.00 шамасында Әуезов ауданында болды.

«Subaru» мен «Mitsubishi» көліктері соғылды, салдарынан «Mitsubishi» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты, тағы бесеуі түрлі дене жарақатын алды.

«Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бірқатар сараптама тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша апат хронологиясы шығады. Сол арқылы тергеп-тексерудің толықтығын, жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге болады»,- деп хабарлады полициядан.

Қазір оқып жатыр

Мұнай тағы да күрт қымбаттады

Туризм министрлігі күтіп алмаған америкалық блогерді Баян Алагөзова қонақ етті

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды