Алматыда жоғары сынып оқушылары үшін оқу жылы қалай аяқталады?

Биылғы оқу жылы көктемнің соңғы күнінде аяқталады. 31 мамыр – соңғы сабақ, сол күні сынып сағаты өтеді.

Алматы, NEGE. Балалар мұғалімдермен бірге оқу жылын қорытындылап, жазғы демалысқа арналған жоспарын талқылайды. 1 маусым - балаларды қорғау күні – 4, 9 және 11 сыныптар үшін салтанатты іс-шара өтіп, түлектер үшін соңғы қоңырау соғылады.

Осы оқу жылында Алматыда 28 мыңнан астам оқушы 9-сыныпты және 14 мыңнан астам түлек 11 сыныпты бітіреді. Оқу жылы мамырда аяқталса да, орта мектеп үшін ең маңызды ай дәстүрлі түрде маусым айы болады.

Алғашқы онкүндікте 9-сынып түлектері қорытынды емтихан тапсырады, ал 5-19 маусым аралығында 11-сынып оқушылары бағын сынайды. Маусымның үшінші онкүндігінде түлектерге аттестат беріледі.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты