Алматыда жоғалған жасөспірімнің денесі табылды

Алматыда жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім денесі бау-бақшалардың бірінің аумағынан табылды.

Алматы, NEGE. Оның жоғалғаны туралы хабар полицияға 23 маусымда келіп түсті.

Ведомствоның мәліметінше кәмелетке толмаған баланың орналасқан жерін анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылған.

“Күндіз бау-бақшалардың бірінің аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар хабар-ошарсыз жоғалған адамның мәйіті табылды”,- деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен 16 жастағы жігіт ұсталды.

“Күдікті жанжалдан кейін досын өлтіргенін айтты. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Сараптама тағайындалды”,- деп қосты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.