Алматыда жоғалған оқушы басқа қаладан табылды
Алматыда жоғалып кеткен 14 жастағы оқушы қыз Есік қаласынан табылды.
Алматы, NEGE. Бұл туралы LIDER.KZ қауымдастығы мәлім етті.
Жасөсіпірімді Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының полиция қызметкерлері Есік қаласынан тапты. Оқушы дін аман, ата-анасына табысталды.
«Іздестіру жұмыстарына атсалысқан және ақпарат таратқан барлық адамдарға алғыс айтамыз», - деп жазды LIDER.KZ қауымдастығының еріктілері.