14 декабря 2023 г. 10:15

Алматыда жыл соңына дейін жаңа автобустар жолға шығады

Фото:

Алматының Түрксіб ауданында осы жылдың соңына дейін жеті бағыттағы жылжымалы құрам жаңартылады. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында аудан әкімі Бақытжан Ақжаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы, NEGE. Бақытжан Ақжаровтың сөзінше, жаңа қоғамдық көліктер №8, 13, 17, 38, 46, 47, 69, 130 бағдарларға шығатын болады.

«Түрксіб ауданы тұрғындарының өтініші бойынша Қайрат шағын ауданынан Райымбек метро станциясына дейін №9 жаңа автобус бағыты іске қосылды. Бағытта барлығы 8 автобус жүреді», - деді ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, 2024 жылы балаларды шалғайдағы шағын аудандардан тасымалдайтын «Мектеп автобусы» жобасы кеңейтіледі. Қазіргі уақытта Түрксіб ауданында 7 мектеп автобусы бар. Олар ауданның бес мектебінен – №20, 32, 162, 115 және 89 балаларды тасымалдайды.

Тегтер: