Алматыда жер сілкінісі болды

28 желтоқсанда сағат 23:17 шамасында алматылықтар жер сілкінсін сезді.

Алматы, NEGE. "Құзырлы мемлекеттік органдардың хабарламасының қорытындысы бойынша патруль бағыттар бойынша көзбен ештеңе байқалмайды, жағдай тұрақты.
"112" және "101" желілеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ.

"Қазселденқорғау" мәліметінше, гидротехникалық құрылыстарда деформация, жарықтар пайда болған жоқ, - деп хабарлады ТЖД.