Алматыда жер сілкінісі болды

Алматыдан 50 шақырым жерде магнитудасы 3,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.

Алматы, NEGE. «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 2021 жылғы 9 ақпанда Астана уақытымен 7.07 сағатта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматының оңтүстік-шығысында 50 км жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,6. Магнитудасы MPV 3,8», - делінген хабарда.
Ұсынылған картаға сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстанмен шекарада 15 шақырым тереңдікте жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр