Алматыда Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды
Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды.
Алматы, NEGE. «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, желтоқсан оқиғасының құрбандарына тағзым ету рәсімі жасалды. Бұл шараға Алматы қаласының әкімдігінің басшылығы, және желтоқсандық ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Ресми шара алдымен 1986 жылғы Желтоқсан құрбандарын еске алу үшін бір минуттық үнсіздікпен басталды. Дін өкілдері құран бағыштады. Осыдан соң желтоқсаншыларға арнайы ас ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың желтоқсаншылардың ерлігін мәңгі есте қалдыру туралы тапсырмасына сәйкес Алматыда сол оқиғалардың құрметіне «Желтоқсан» деп аталатын саябақ ашылды. Сонымен қатар, осы саябақта орнатылатын ескерткішті дайындауға шығармашылық байқау жарияланды.