Алматыда жаяу жүргіншіні автобус қағып кетті

Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Алматы, NEGE. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол- көлік апаты 27 қарашада шамамен кешкі сағат 20:20-да болды. Yutong маркалы автобусының жүргізушісі Жұмабаев көшесімен шығыс бағытта жүріп бара жатып, Жансүгіров көшесінің шығысына қарай Жұмабаев көшесінде жолдың жүруге болмайтын бөлігінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 40-45 жас аралығындағы белгісіз жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптама тағайындалды», - деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Хишанло.