13 августа 2023 г. 12:17
Алматыда жауған нөсер жауын кезінде жас жігіт Көкжайлау шатқалынан түсе алмай қалған
Құтқарушылар Көкжайлау шатқалынан түсе алмаған туристке көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы, NEGE. Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы 13 тамызда сағат 01:15-те туристі іздеуге тауға шықты.
2005 жылы туған жас жігіт 12 тамызда таңертең Көкжайлау шатқалына кеткен, телефоны өшірулі болған.
Құтқарушылар тауда жоғалған адамды 03:00-де тапты.
Қатты жауған жаңбыр мен қараңғы түсуіне байланысты турист шатқалдан өздігінен түсе алмаған.