Алматыда жас жігіт 20-қабаттан құлап, қайтыс болды

Алматыда жас жігіт жоғары қабаттан құлап, мерт болды. Полиция суицид бабымен тергеуді бастады, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы, NEGE. Қайғылы жағдай 19 қараша күні таңғы уақытта «Комфорт Сити» тұрғын үй кешенінде болған.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған ақпаратты растады. 2001 жылы туған жігіт тұрғын үй кешенінің 20-қабатынан құлап кеткен.

«Бұл іс бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінен.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен