Алматыда жартылай марафонға байланысты кейбір жолдар жабылады
Жексенбі, 23 сәуірде қалада жыл сайынғы Алматы жартылай марафоны өтеді. Іс-шараға 7600-ден астам адам қатысады. Биыл бұл спорттық сайыс мегаполисте алтыншы рет өтеді.
Алматы, NEGE. Жүгіру кезінде сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Бұл дерек спортшылардың орташа жылдамдығын ескере отырып есептелген. Жүгіріп өткен сайын жолдар ашылып отырады.
Көлік қозғалысының шектеуін ескеріп, қала ішіндегі бағыттарыңызды алдын ала жоспарлап алыңыз.