Алматыда бірнеше көлік соқтығысты
Куәгерлердің айтуынша, Mercedes-Benz Е-класс көлігі Дулати көшесімен оңтүстік бағытта қатты жылдамдықпен келе жатқан.
Алматы, NEGE. Набережная көшесінен сәл жоғарыда автокөлік артқы оң жақ бөлігімен сол бағытта келе жатқан Hyundai Getz көлігімен соқтығысқан. Құтқарушылар зардап шегушіні гидравликаның көмегімен көліктен шығарды. Ер адамның жағдайы ауыр.
Осыдан кейін Mercedes жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, Daewoo Nexia көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан Nexia дәмхана аумағына ұшып түсті. Daewoo Nexia жүргізушісі көлікте кептеліп қалған. Оқиға орнына құтқару қызметі мен жедел жәрдем шақырылды. Құтқарушылар зардап шеккен адамды шығару үшін гидравликалық құралдардың көмегімен автокөліктің шанағын кесті.
Ер адамның жағдайы ауыр, ол ауруханаға жатқызылды. Жол полициясы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.