9 сентября 2022 г. 18:32

Алматыда жаңа маршрут іске қосылды

Фото:

Осыған байланысты Алматыда кейбір маршрут сызбаларына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды қалалық Көлік холдингі.

Алматы, NEGE. 12 қыркүйектен бастап жаңа №100 магистралды маршрут іске қосылады. Ол Асыл Арман шағын ауданынан Ташкент тракті бойымен - Райымбек даңғылы - Жетісу көшесі - Тәттібеков көшесі - Халиуллин көшесі - Есіл көшесі - Талғар трактісі - Бұқтырма көшөшесі - Орынтай ықшам ауданына дейін жүріп, кері бағытта да қозғалады.

- Осыған байланысты №23 және №78 маршруттарының қозғалыс сызбалары өзгертіледі. Енді №23 маршрут Қырғауылды кентінен Сүйінбай-Ташкент трактісі- Райымбек даңғылы бойымен Алматы-2 теміржол вокзалына дейін жүріп өтеді. Жоғарыда көрсетілген схема бойынша кері бағытта жүреді, - делінген хабарламада.

Ал №78 маршрут Ташкент трактісімен енді Алатау даңғылына бұрылып, Абай даңғылымен Б.Момышұлы станциясына дейін жүріп өтеді. Кері бағытта да тура осылай қозғалады.

- Сонымен қатар Нұр Алатау шағын ауданында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 10 қыркүйектен бастап №30 маршруттың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі. Оңтүстік бағытта - Жароков көшесі - Исиналиев көшесі - Алматы көшесінде кері айналу - "Алматы көшесі" бақылау нүктесі. Солтүстік бағытта - қозғалыс "Алматы көшесі" бақылау нүктесінен басталады, - деп хабарлады Алматы қаласының Көлік холдингі. 

Тегтер: