Алматыда жаңа автобус

Алматы көшелеріне жаңа автобустар шықты.

Алматы, NEGE. «Алматыэлектротранс» ЖШС жаңа «Zhongtong» автобустарының кезекті партиясын алды. Көпшіліктің сұранысы бойынша № 121 бағытындағы қоғамдық көлік 100 пайыз жаңарды. Жоспарланған 18 автобус қала көшелеріне шығады, ал тағы екеуі резервте болады», – деп хабарлады қала әкімдігі.

Мемлекеттік тіркеуден өтіп, «Оңай» жүйесі орнатылғанан кейін автобустар жұмысқа кіріседі. Қоғамдық көлік арнайы қалалық жолаушылар тасымалы үшін жасалған. Автобус сұйытылған табиғи газбен (CNG) жүреді, кондиционермен және видеобақылаумен жабдықталған.

Автобустың сыйымдылығы – 104 адам, отыратын 22 орын және қимылы шектеулі жолаушылар үшін 3 орын бар.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды