Алматыда жан түршігерлік жол апаты болды (видео)

Алматыдағы Сайын көшесінде 27 қаңтарға қараған түні жан түршігерлік жол көлік оқиғасы болды.

Алматы, NEGE. Куәгерлердің айтуынша, Honda Civic маркалы көлік Сайын көшесімен қатты жылдамдықпен келе жатқан.

Ұлықбек даңғылының қиылысына жақын жерде жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып, бар жылдамдықпен келе жатып электр бағанаға соғылған.

Күшті соққының салдарынан жеңіл көлік екіге бөлініп кеткен.

Көлік ішіндегі үш жігіт оқиға орнында көз жұмды.