Алматыда заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан мен Нигерия азаматтары анықталды

Алматыдағы құрылыс нысандарының бірінде заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан мен Нигерия азаматтары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында тексеру жүргізді.

– Медеу ауданында шетелдік жұмыс күші заңсыз пайдаланылған құрылыс нысаны анықталды. Атап айтқанда, онда Өзбекстанның 13 азаматы және Нигерияның 2 азаматы жұмыс істеген. Олар өздерінің еңбек қызметін заңсыз жүргізген және жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған. Аталған шетелдіктер ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды. Сонымен қатар тергеу барысында Әуезов ауданының полиция қызметкерлері Тәжікстан азаматының жолаушыларды заңсыз тасымалдау дерегін анықтады. Белгілі болғандай, 27 жастағы К.есімді азамат таксиде жұмыс істеген: ол мобильді қосымша арқылы тапсырыс алып, жеке тасымалдаумен айналысқан. Ол өзі жалға алған көлікте түнеп жүрген, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Шетелдік азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Сот оны Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ көлік иесі ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады