Алматыда заңсыз жұмыс істеген шетел азаматтары анықталды

Алматыда курьер болып заңсыз жұмыс істеген шетел азаматтары анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Көші-қон қызметінің мәліметінше, Алматыда жүргізілген рейдтер барысында заңсыз еңбек еткен шетел азаматтары анықталды. Үш күн ішінде Өзбекстаннан, Тәжікстаннан, Қырғызстаннан, Түрікменстаннан және Үндістаннан келген 17 адам  анықталды, олардың 10-ы жеке тасымалдаумен айналысса, тағы жетеуі жеткізу қызметінің курьері болып жұмыс істеді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде құжаттары жоқ 9 шетел азаматы ПД бөлімшесіне жеткізіліп, ал сегізіне қатысты уақытша тұруға рұқсат беру өтініші кезінде көрсеткен мақсаттарға сәйкес келмеу дерегі бойынша әкімшілік материалдар жиналды.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы