Алматыда заңсыз сатылып жатқан пиротехникалық өнімдер тәркіленді

Алматыда заңсыз сатылып жатқан 400 келіден астам пиротехникалық өнім тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Жаңа жылдық мереке кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар мен пайдаланылған бұйымдар айналымының белгіленген ережелерін сақтауын қадағалау мақсатында қалада пиротехникалық заттарды заңсыз сату деректерінің жолын кесу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. 

– Тек өткен тәулікте екі базарда жүргізілген тексеру барысында сертификатсыз, сондай-ақ рұқсат құжаттарынсыз пиротехникалық өнімдерді заңсыз сатудың 9-ға жуық дерегі анықталды. ҚР заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін заңсыз бөлшек сауданы ұйымдастырушылар ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы (Тыйым салынған немесе шектелген тауарларды немесе басқа заттарды заңсыз саудалау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 400 келіден астам сертификаты жоқ пиротехникалық өнімдер тәркіленді. Жоғарыда аталған базарлардың әкімшіліктеріне құқықбұзушылық жасауға ықпал ететін жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті тапсырмалар берілді, – деді Алматы қаласы ПД ӘПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Айдос Құсайынов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді