Алматыда заңға бағынбаған 17 шетел азаматы елден шығарылды

Алматыда заңға бағынбаған 17 шетелдік азамат елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Естеріңізге сала кетейік, Алматыда Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған мақсатты жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

– Алматы полициясы 2 күн ішінде 111 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның 23-і – Африка құрлығы елдерінің азаматы. ПД-ның қабылдап тарату мекемесіне жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 32 шетелдік орналастырылды. Әкімшілік соттың шешімімен 17 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды. Сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 31 шақырушы тарап жауапкершілікке тартылды. Кәсіпорындардың бірінің басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады