Алматыда WorldSkills Almaty 2023 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Алматыда қала колледждерінің 21 алаңында WorldSkills Almaty – 2023 өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты басталды және 2023 жылдың 14 сәуіріне дейін жалғасады.

Алматы, NEGE. Іс-шара «Сапалы білім беру «Білімді ұлт» ұлттық жобасын іске асыру аясында «WorldSkills International» құзыреті бойынша «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық қозғалысын қолдау және жұмыс кәсіптерін таныту мақсатында өткізіледі.

Чемпионаттың мақсаты-жұмысшы мамандығының беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту. Чемпионатқа 53 құзыреттілік бойынша 380-ден астам колледж студенттері қатысады. Олардың ішінде: графикалық дизайн, кірпіш қалау, құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары, сантехника және жылыту, кескіндеме және сәндік жұмыстар, бизнеске арналған IT-шешімдер, CNC станоктарында токарлық жұмыстар, CAD инженерлік графикасы, прототиптеу, сонымен қатар тоңазытқыш және желдету техникасына қызмет көрсету, жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету және тағы басқалары.

Чемпионаттың бір ерекшелігі – DeafSkills және Абилимпикс бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау. DeafSkills және Абилимпикс құзыреттері бойынша чемпионат аясында 6 құзырет бойынша 25-тен астам адам қатысады.

500-ден астам тәжірибелі өндірістік оқыту шеберлері, арнайы пәндер оқытушылары мен жұмыс берушілер сарапшылар ретінде қатысады. Өңірлік чемпионаттың жеңімпаздары ағымдағы жылдың маусым айында өтетін WorldSkills Kazakhstan — 2023 республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына қатысады.

Халықаралық чемпионат 2023 жылдың қыркүйегінде Польшада өтеді.

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласының білім басқармасы және «WorldSkills Almaty» ұйымдастыру комитеті

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады