Алматыда вирус жұқтыру көрсеткіші екі есе азайды

Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Бұл туралы Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында мәлім етті.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, қалада коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші екі есе азайды.

«Қазір Алматыда эпидемиологиялық жағдай жақсарды. Өткен аптада 100 мың адамға шаққанда ауру деңгейі 5 болды. Ауруды жұқтыру көрсеткіші 2 есе төмендеді. Ал күнделікті аурудың өсімі шілде айына қарағанда 35 есе төмендеді. Нәтижесінде жұқпалы аурулар ауруханасындағы төсек орындардың 83 пайызы босады. Осындай, объективті көрсеткіш эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанын көрсетеді. Вирус жұқтырудың төмендеуіне қалада жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары септігін тигізді», - деді Жандарбек Бекшин.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде учаскелік полицей қарт ананы 30 жыл көрмеген балаларымен қауыштырды

Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып, дабыл қақты